Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (6)

Болмайық төрт аяқты мал секілді

Болмайық төрт аяқты мал секілді,
Қуарған жапырақсыз тал секілді.
Бақшамдай жігіт адам көркейеді,
Ғылыммен сөз сөйлесе бал секілді.

Толық

Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген

....Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген,
Көңілі бұзық адамнан түңіл деген.
Бұзыққа жер үстінен асты артық,
Болмаса көңіл таза кәміл деген.

Толық

Ең әуелі тазалау керек іштің кірін

Ең әуелі тазалау керек іштің кірін,
Іште толып жатпасын сасық ірің.
О, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,
Болмаса пайда бермес құры білім.

Толық

Насихат сөздер

«Ең әуел керек нәрсе-иман!»- деген,
«Ақырет істеріне (ишларына) инан!»-деген.
«Құдай кешер! - дегенмен, іс бітпейді,
Иманшартын білмесе, айбан (айуан)!»- деген.

Толық

Жаз

Қыспақ кетіп, қыс өткен соң келді жаз,
Қиқуласып, келді әндетіп үйрек-қаз.
Жан-жануар жадырасып ,көк шығып,
Күллі әлем масайрасып болды мәз.

Толық

Замана туралы

Адамнан нағуа қалмас кәріп болмай,
Пақыр сыхаптына озып болмай.
Әуеті иа рыстыһыз, иа, хақарат,
Еріккен ердің қорын парық қылмай.

Толық